Емдеудің бейдәстүрлі әдістері

Ескерту:

Шипажай-курорттық процедуралар келесі күндері көрсетіледі:

  •  Дүйсенбі – жұмы: 09.00-16.30
  •  Түскі үзіліс 12.00-13.00.
  •  Сенбі: 09.00-12.00
  •  Жексенбі – демалыс

Мануалды терапия

Мануалды терапия әдістері қимыл-тірек аппараты ауруларынан құтылуға мүмкіндік береді, сыздауды басып, жояды, аурған орынға қан мен лимфа құйылуын ынталандырады, бұлшықеттерде дұрыс зат алмасуын ұстап тұруға болысады, олардың созылғыштық пен үйлесімді әрекет етуін қалпына келтіреді, ағзаның өз қалпына келтіретін үдерістерді белсендіреді, иммунитетті көтереді.

Мануалды терапия төс қуысы, құрсақ қуысы мен жамбас  органдарының аурулары кезінде тиімді қолданылады, бас сақинасы мен жарақаттан кейінгі бас ауруларынан, остеохондроз бен басқа да аурулардан, соның ішінде демалу, эндокриндық пен орталық жүйке жүйесін зақымдайтын ауруларынан құтқарады. Мануалды терапия келесі аурулардан құтылуға немесе ауру барысын жеңілдетуге көмектеседі: омыртқаның әртүрлі зақымдануы, радикулит, омыртқа жарығы; жүрек аумағында сыздау сезімі; ішек-қарын жолы әрекет етуінің бұзылуы; остеохондроз бен көптеген басқа аурулар.

Инерефлексотерапия

Инерефлексотерапия. Жас  және орта жастағы тұлғаларда қазіргі әлемде өте тараған функционалдық бұзылымдар: олар созылмалы шаршау синдромы да, депрессивтік жағдайлар да, ұйқының бұзылуы да, вегетативті тамыр дистониясы да бар болса, инерефлексотерапия пайдалы. Инерефлексотерапия ағзаның биологиялық белсенді нүктелеріне инелерді енгізуінде негізделген. Осы нүктелер ішкі органдармен байланысты деп есептеледі.

Ағзаның негізгі өткізгіш жүйелеріне (жүйке, тамыр, лимфа) тікелей ықпал етуіне және негізгі басқару жүйелерін (орталық жүйке жүйесі, нейрогуморалдық, эндокриндық, иммундық) белсендіруіне қатысты, қазіргі таңғы инерефлексотерапия аурулардың көп түрлерін емдеуінде тиімді әдіс ретінде танылған және емделудің жоғары көрсекіштеріне жету мен өмір сапасын жақсартуға мүмкіндік береді.

Инерефлексотерапия ауырғанды басатын әсері бар, органдар мен жүйелерде микроайналым арнасын жақсартады, қан қысымын қалпына келтіреді, иммунитетт пен инфекцияларға қарсы қарсылықты көтереді, антидепрессивтік әсер көрсетеді.

Инерефлексотерапияның айтарлықтай қарсы көрсетімдері жоқ және дәрілік терапия үшін әдетті  кері әсер көрсетпейді (олар аллергия мен дәрілерге деген төзбеушілік),

Цигун гимнастикасы

Цигун гимнастикасы  — бұл ағзаның өзің өзі емдеудің ежелгі қытай өнері.  Цигун гимнастикасы омыртқа, буындарға, дененің барлық органдарына, иммунды мен жүйке жүйелеріне өте пайдалы. Бұл дәстүрлі әдіс рухани даму және денсаулық үшін де пайдалы. Гимнастиканың қолдануы дененің құрылымын өзгертіп, босаңсу сезімін ғана беріп қоймайды, сонымен қатар ой мен эмоционалдық тұрақтылыққа әкеліп, эмоцияларды тыныш қалпына келтіреді, органдар мен бас мидің қан айналымын жақсартады, өмірлік күшті арттырады.

Гирудотерапия

Гирудотерапия бірінші кезекте ешқандай кері әсері болмағанымен пайдалы, бұл сүліктерді кең пайдалану үшін мүмкіндік береді.

Сүлік түкірігінде бар биологиялық белсенді заттарға қатысты, адамның иммунды жүйесінің жұмысы жақсарады, қандағы зиянды микроағзалар жойылады, тамырлардың қысылуы жойылады, ісіктер сорылады, қабыну тоқталады, ауырсынуды басатын әсер көрсетіледі. Вегетативті мен орталық жүйке жүйесі ынталандырылады. Антисклеротикалық әсер көрсетіледі, өйткені сүліктер бұзылған қан айналымын қалпына келтіреді, артериялар, тамырлар мен лимфотамырларда айналманы күшейтеді, май алмасуын жақсартады.

Әртүрлі деңгейлерде ағзаның кешенді ынталандырылуы орын алады (тамыр, рефлекторлық, морфологиялық, химиялық), бұл бұзылған теңгерімді қалпына келуіне әкеледі: дене температурасы, қан қысымы, қандағы глюкоза құрамы қалпына келеді. Ағза шлактардан құтылады. Гирудотерапия нәтижесінде тромбалар сорылады, одан басқа олардың қалыптасуы алдын алады.

Сүлік тамаша антикоагулянт болып табылады, сондықтан инсульт пен инфаркт профилактикасы үшін табысты қолданылады. Гирудотерапия өз бетімен де, емдеудің басқа тәсілдерін қоса да, әсіресе балшықпен пен физиотерапиямен қоса жақсы нәтиже береді.

Біздің мамандар Санкт-Петербург пен Қытай орталықтарында оқудан өтті.

ҚАРСЫ КӨРСЕТІМ: барлық процедуралар ағзаға белсенді әрекет көрсететіндігін есте сақтау жөн. Емдеудің барлық түрлеріне біршама қарсы көрсетімдер бар. Барлық емдік процедуралар қатаң түрде дәрігердің тағайындауы бойынша өткізіледі.