Физиотерапия

Емдеу мен профилактика
Ескерту:

Шипажай-курорттық процедуралар келесі күндері көрсетіледі:

  •  Дүйсенбі – жұмы: 09.00-16.30
  •  Түскі үзіліс 12.00-13.00.
  •  Сенбі: 09.00-12.00
  •  Жексенбі – демалыс
  • Магнитотерапия,
  • Лазерная терапия,
  • Озокеритотерапия,
  • Электрофорез,
  • Ультрадыбыс,
  • УКС,
  • Шөп пен дәрілік ингаляциялар,
  • Фонофорез,
  • Амплипульс,
  • Электроұйқы,
  • Прессотерапия,
  • Емдік физкультура,
  • Спелеотерапия,
  • Прессотерапия,
  • Оптырма физиотерапия,
  • Нуга-бест,
  • Оттегі коктейльдер.

Барлық жерде адамдар емдеудің табиғи түрлерін қолдануға тырысады, ал физиоемдеу әмбебап және қауіпсіз құрал болып табылады, ол ағзадағы емдік үдерістерін жылдамдатады. Заманауи медицина физиотерапиясіз өзің елестете алмайды. Бұл физиоемдеу физикалық факторларда негізделуімен ғана байланысты емес, сонымен бірге химиопрепараттарды қолданбай, физиопроцедураларды қандай да болсын ауруларды емдеу мен профилактика үшін пайдалануға болады.

Физиотерапевтикалық әдістер неғұрлым қартайған пациенттерге, соғұрлым балаларға да қажетті, өйткені олар ауыртпай өтеді және жағымды сезім тудырады, жиі тікелей процедураның барысында көрінетін тиімді әсер береді.

Физиофакторлардың тыныштандыру, ауырғанды басатын, сергітетін, қабынуға қарсы және антиспазматикалық әсері бар. Физиопроцедуралар тамырларды сергітеді, ауырсыну синдромдардың өткірлігігін басады, ісінуге қарсы мен тамырсергітетін әсер көрсетеді, бас аурулары кезінде жақсы көмек береді, микроайналым арнасын жақсартады,  қанның ұйғыштығын қалпына келтіреді, ішкі органдардан (бауыр, бүйрек, ұйқы безі) сөлдердің кету үдерістерін жақсартады, тіндерде регенерация мен репаративтік үдерістерін ынталандырады. Физиоемдеу гематомаларды жою мен қабынуды қайтару үшін  қолданылады, ауыр жарақат алған пациеттердің сыздауы немесе артритпен байланысты уақытша  сырқаттануы жеңілдейді.

Физиотерапия операциядан кейін, әртүрлі жарақаттардан кейін ерекше орын алады. Физикалық оңалту тірек-қимыл функцияларын қалпына келуін, сынықтардың тез жазылуын ынталандыратын шараларды қолдануын қарастырады.

Прессотерапия немесе лимфодренаж массажы

Прессотерапия немесе лимфодренаж  массажы – целлюлит пен варикозды ауруға қарсы күресте тиімді әдістеме. Ол лимфа жүйесіне арнайы костюм арқылы берілетін тығыздалған ауамен ықпал етеді. Прессотерапия сеансы кезінде тығыздалған ауа қысып толтырылатын арнайы шалбарды киесіз. Бірегей лимфодренаж шалбары тығыздалған ауа көмегімен аяқтардың белсенді ұқалауын қамтамасыз етеді.

Бүгінгі таңда прессотерапия – целлюлит пен тамырлардың  түйнеліп кеңеюі қарсы күресте тиімді әдістемелердің бірі болып табылады. Осы шараның мәні – майдың жарылуына жауапты жасушаның рецепторларын белсендіру, сонымен бірге теріні тазартып, құнарландыруы болып табылады. Бұл терінің астындағы тіндерге механикалық ықпал ету аппараттық физиотерапия әдісі, оның нәтижесінде тіндерден жасуша сыртындағы сұйықтықтың ығыстыруы – лимфодренаж орын алады.

Лимфодренаж массажы ісіктерден құтылуға, дене көлемдерін айтарлықтай азайтуға және тері иілгіштігін жоғарлатуға, процедура тері жасушаларында алмасу үдерістерін белсендіреді, ағзаны сауықтырып, иммунитетті көтере отырып, ағзаның қорғаныс күшін ынталандырады.

Прессотерапия — бұл сымбат және көркем фигураға жету, және жақсы хал-жай мен ұзақ мерзімге оңды энергияны жинауға тамаша тәсіл!

ҚАРСЫ КӨРСЕТІМ: барлық процедуралар ағзаға белсенді әрекет көрсететіндігін есте сақтау жөн. Емдеудің барлық түрлеріне біршама қарсы көрсетімдер бар. Барлық емдік процедуралар қатаң түрде дәрігердің тағайындауы бойынша өткізіледі.