Климатпен емдеу

Қылқанды орманның таза ауасы
Ескерту:

Шипажай-курорттық процедуралар келесі күндері көрсетіледі:

  •  Дүйсенбі – жұмы: 09.00-16.30
  •  Түскі үзіліс 12.00-13.00.
  •  Сенбі: 09.00-12.00
  •  Жексенбі – демалыс

Климатпен емдеудің негізі  қылқанды орманның таза ауасы болып табылады. Ауа қоршаған орманның фитонцидтерімен толы, ал 100 шақырым радиусында бірде бір өнеркәсіп кәсіпорынның болмауы экологиялық таза ортаның мінсіз жағдайларды жасайды. Қылқанды орманның бүршіктеу мен гүлдену кезеңінде орман ауасында тыныштандырушы мен бактерицидтік әсері бар ұшпа заттары болады. Ағаштармен бөлінетін эфирлер мен органикалық қышқылдар адамның ауалы жолдарының сөлін сұйықтандырады және кеңейтілген бронхтардың дренаждық функциясын күшейтеді

Теренкур кезінде, орманда дем алудың кідіртуі мен тереңдетілуі өкпенің жоғары желдетуі мен оттегінің сіңіруіне, тін дем алуының күшеюіне келтіреді. Қылқан климаты жүйке вегетативтік жүйесі мен терморегуляция жұмысын жақсартады, ағзаның төмендетілген жұмыс қабілеттігін жоғарлатады.

Бізде бәрі шипалы болып табылады — қоңыржай климат, аралас, көбінесе қылқан орманы да, қарағай хош иісімен байытылған ауасы да.

Санаторий басшылығы жоғары марканы ұстануға тырысады, өйткені таза табиғат пен ауа бүкіл Қазақстаннан ғана емес, жақын шетелден де демалушыларды тартады.

ҚАРСЫ КӨРСЕТІМ: барлық процедуралар ағзаға белсенді әрекет көрсететіндігін есте сақтау жөн. Емдеудің барлық түрлеріне біршама қарсы көрсетімдер бар. Барлық емдік процедуралар қатаң түрде дәрігердің тағайындауы бойынша өткізіледі.