Қостанай облысы білім және ғылым қызметкерлері арасындағы

ОБЛЫСТЫҚ ҚЫСҚЫ СПАРТАКИАДА

 

11-12 наурыз 2016 жылы «Сосновый бор» шипажайы негізінде Қостанай облысы білім және ғылым қызметкерлері арасындағы облыстық қысқы спартакиадасы өтті. Аталған шара Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігінің 25-жылдығына арналған болатын. Спартакиада ұйымдастырушылары — «Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлерінің Қостанай облыстық» ҚБ.

Жарыстың өткізілу мақсаттары:

— салауатты өмір салтын насихаттау;

— қысқы спорт түрлерін халыққа тарату;

— облыстың білім қызметкерлерінің денсаулығын нығайту;

— күшті әрі жүйрік спортсмендер мен топтарды анықтау.

Жарысқа білім саласының 220 қызметкері қатысты. 42 топ: аудан және қаланың 16 білім бөлімдері, 2 топ ЖОО, 17 колледж және облыстық ұйымдардың 7 тобы.

Сонымен қатар спартакиадада келесі түрлерден жарыстар өтті: шахмат, дойбы, үстел теннисі, дартс, тоғыз құмалақ.

Жеке есеп бойынша орындар техникалық қорытындылар бойынша анықталды. Ал топтық орындар орындардың кіші көрсеткіші бойынша анықталды.

Аудандар бойынша бірінші орынды Таран ауданы алды, ал қалалар бойынша бірінші орынды Қостанай алды, ЖОО арасында А.Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттік университеті.

Жүлделі орындарға ие болған топтар білім басқармасы мен кәсіподақ облыстық комитетінің дәрежеге сәйкес мадақтамалар мен ақшалай сыйақылармен марапатталды.