12 мамыр күні «Сосновый бор» шипажайының медбикелері кәсіби мерекесімен құттықтауларды қабыл алды.

Медбике – бұл тек қана маңызды маман емес, сонымен қатар адамдарға қамқорлық жасауға бейімділік.

Медбике кәсібі ең құрметтелетін болып табылады. Медбикелік жұмыс қашанда жауапкершілікті талап етеді, бұл ауыр жұмыс, Қазақстан және бүкіл әлем бойынша ең бағаланатын және құрметтелетін мамандықтардың үштігіне кіреді.

Медбикелер дәрігерлердің басты көмекшілері болып табылады, сонымен бірге емдеу үрдісінде, пациенттердің оңалту және алдын-алу шараларында белсенді қызмет етеді.

Осы маманды тек шынымен жүрегі үлкен адам таңдай алады, медбикелікке қадам басқандардың барлығы дерлік жақсы, жауапты, ұқыпты және басқаның қайғысына ортақтас бола алатын адам.

Шын жүрегімізден сіздерді кәсіби мерекелеріңізбен құттықтаймыз! Сіздерге отбасылық жылулық, зор денсаулық, ырыс пен бақыт, адамгершілікті жұмысыңызда табыс тілейміз!