Наурыз Мейрамы – көктем мерекесі, табиғат жңаруы, жаңа жылдың басы, жаңа өмір бастамасы.
Халқымыздың аңыздары бойынша мерекенің алдында жерді бақыт шарлай бастайды, ал Наурыздың өзі – жер бетіне жақсылық, жарықтың келуімен тепе тең, гүлдер жайқалып, құстар ән сала бастайды, кең дала көкке оралып, жерге Жаңа жыл келеді.
Көктемгі Наурыз мерекесін шипажайдың демалушылары мен қонақтары бірге қарсы алды. Табиғат та сол күні өз базарлығын берді, ауа райы аязды болса да, күн көктемдегідей жарқыраған ашық болды.
Шипажай территориясында мерекенің басты белгісі ақ оранған үлкен киіз үй орнатылды. Осы күні мерекелік дастархан жайылды, әрбір қонақ ыстық бауырсақ, құймақтан дәм татып, тәтті шаймен шөлін қандыра алды. Әрине дастарханның басты тағамы – «Наурыз көже» болды, бұл тағам жеті түрлі өнімнен тұрады: су, ет, тұз, май, сүт, ұн және астық тұқымдастар.
Мерекелік тойлау барысында жастар алтыбақанда жиналды. Барлығы да өлең айтып, би билеп, ойын ойнады: арқан тарту, жоғарыға міну, гірлерді көтеруде өз өнерлерін көрсетіп жарысты. Қалауы бойынша жастықтарда тартысуда да ойнады. Жеңімпаздар сыйлықтарға ие болды.
Кішкентай бүлдіршіндер үшін атқа міну мен әткеншектер ұйымдастырылды.
Қонақтарымызды ҚР еңбек сіңірген әртісі Арыстан Құрманов құттықтады, оның орындаған өлеңдеріне қонақ тар би билеп, ойнап күлді.
Домбыра күмбірлеп, ұлттық дәстүрлер көрсетілді: Қыдыр атаның батасы, шашу, беташар, жар-жар, шілдехана.