Биылғы жылдың 19-20 наурызында «Сосновый бор» шипажайының спорттық қалашығы негізінде Қазақстанның Джун Ри таэквондо бойынша VI чемпионаты өтті. Қатысушылар саны 120-дан асты, еліміздің түкпір-түкпірінен келген жастар өз өнерлерін көрсетті: Астана, Алматы, Ақтау, Тараз және Қостанай. Қатысушылардың жасы 5-тен 18 жас аралығында. Жастар бірнеше дисциплиналар бойынша шықты: формалды кешендер, спаррингтер және жұмсақ семсерлермен жекпе-жектер (Акинак-до). Қостанай Федерациясы 2008 жылдан бері осы турнирді «Сосновый бор» шипажайы территориясында дәстүрлі түрде өткізіп келеді, келуші қонақтар үшін әрқашан қонақжайлылық, орналасу үшін қолайлы жағдайлар, дәмді әрі алуан түрлі тамақ мәзірі, және де ең бастысы таза ауа мен тамаша табиғат!