Сумен емдеу (минералды ванналар, құйын ванналары, құйын тәрізді ванналар, контраст ваннасы, бассейн, Шарко душы, циркуляр душы, гидромассаж, тістің етін, өңешті суармалау, гинекологиялық суармалау, асқазанды, өт қабын, бауырды, шектерді жуу, минералды суы бар бювет).
Сауықтыру үдерістердің кешені басты емдік факторы болып табылатын минералды судың негізінде өткізіледі.
Минералды ваннаның емдік әсері жүйке жүйесі мен қан арқылы жүргізіледі. Ағзаға түскенде, минералды су әртүрлі физиологиялық пен терапевтикалық әсер келтіреді. Бірінші кезеңде ванналар жүрек-тамыр жүйесінің функционалдық жағдайына жағымды ықпал етеді, жүйке қызметінің үдерістерін теңдеуіне болысады, жылуды реттеу механизмдері, алмасу процесстері, эндокринді бездердің қызметтеріне ықпал етеді.
Минералды ванналарды қабылдау – хал-жайды жақсартатын ең тиімді тәсілдердің бірі. Минералды ванналар ағзаны шыңықтырады, қабыну ошақтарының сорылуын тездетеді, жалпы қуаттандыру әсер етеді, ағзада иммунобиологиялық қайта құрылысын шақыртады, қан құрылысы мен регенерациялық үдерістерін белсендіреді, ұйқының жақсаруына ықпал етеді, қозғыштықты басады, ауырғанды басатын әсері бар.
Минералды суды ішке қабылдау асқазанның тонусы, перистальтика мен моторлы-эвакуаторлы қызметіне ықпал етеді, ол асқазанның шырышты қабыну процесін төмендетуге қабілетті.
Сонымен қатар минералды суды ішу холестерин, жалпы майлар, бета- липопротеидтер, бос майлы қышқылдардың құрамын азайтады, майларды тасымалдауына қатысатын фосфолипидтер деңгейін арттырады. Бауыр, ұйқы безі, зәр шығару мен өт шығару жолдарының қызметтерінде жағымды өзгерістер байқалады, сулы мен электролит алмасуы дұрысталады.
ҚАРСЫ КӨРСЕТІМ: барлық процедуралар ағзаға белсенді әрекет көрсететіндігін есте сақтау жөн. Емдеудің барлық түрлеріне біршама қарсы көрсетімдер бар. Барлық емдік процедуралар қатаң түрде дәрігердің тағайындауы бойынша өткізіледі.