«Сосновый бор»

санаторийінде тұру ережелері

 «Сосновый бор» санаторийінде тұру ережелері

 

  1. «Сосновый бор» санаторийінің мейманханалық кешені демалушыларға санаторлық-курорттық қызметтерді көрсету мерзіміне олардың тұруына арналған.
  1. Қонақтардың орналастырылуы жеке куәлік пен санаторлық-курорттық жолдаманы ұсынған кезде жүзеге асырылады.
  1. Санаторийде орналасу мен шығуы қатаң жолдамада көрсетілген мерзімдер бойынша жүргізіледі. Демалушылар есеп айырысу уақытын сақтауға және шығу кезінде нөмірді тапсыруға тиіс. Есеп айырысу уақыты – 10.00 с. Кіруі – 12.00 с.
  1. Қонақтар санаторийде бекітілген тәртіп пен тұру ережелерін сақтауға міндетті.
  1. Өртке қарсы қауіпсіздік ережелері мен электр құралдарды қолдану ережелерін сақтауға. Кез-келген құралдардың бұзылуы жағдайында дер кезінде әкімші немесе қабаттағы қызметшіні хабарландырып қойыңыз. Тұру ережелері, өрт қауіпсіздік ережелері бұзылған жағдайда, санаторийдің әкімшілігі Қонаққа пайдаланылмаған күндер үшін өтемақы төлемей әрі қарай тұруға рұқсат бермеуге құқылы.   
  1. Нөмірден шыққан бетте, міндетті түрде электр құралдарын, жарықты сөндіріңіз, әйнектерді, желкөздерді жабыңыз, кіріс есіктерді құлыптаңыз. Санаторий әкімшілігі құлыпталмаған нөмірлерде қараусыз қалдырылған жеке мүліктің сақталуына жауапкершілік тартпайтынына назарыңызды аударамыз.
  2. Нөмірлерге таныс емес адамдарды шақыруға, қонақтарды нөмірде жалғыз қалдыруға, кілттерді беруге, нөмір есігін ашық қалдыруға, әкімшілік рұқсаты болмаса қонақтарды түнге қалдыруға рұқсат етілмейді.
  3. Нөмірде жануарлар, құстар, рептилияларды және т.б. ұстауға тыйым салынады.
  4. Санаторий ішінде шылым шегуге арнайы орыннан басқа, ШЫЛЫМ ШЕГУГЕ, ашық отты жағуға, пиротехниканы, қолмен жасалған электр құралдарды қолдануға ТЫЙЫМ САЛЫНАДЫ.
  1. Қонақтар уақытша қолдануға алынған санаторийдің мүлігін жоғалту немесе бұзу үшін материалдық жауапкершілік тартады. Осындай жағдай туындаған кезінде әкімшіні хабарландырып, жоғалтылған (бұзылған) мүліктің толық бағасын өтеуге тиіс.
  1. Санаторийде есірткі, жарылғыш заттар, азаматтардың денсаулығы мен өміріне зиян келтіретін химиялық пен бактериалдық препараттардың қолдануы мен сақталуына тыйым салынады.
  1. 23:00 ден 07:00 сағатқа дейін мерзімде санаторийде тыныштық режімі бекітілген. Санаторий Қонақтарына құрмет көрсетіп, қатты музыка немесе басқа шуды жасамауға өтінеміз.
  1. Санаторий әкімшілігі мас немесе есірткі күйдегі Қонаққа қызмет көрсетуден бас тартуға құқылы.
  1. Демалушылар көрсетілетін қызметтер үшін уақытылы және толық мөлшерінде төлеуге тиіс.
  1. Балаларды қараусыз қалдырмауға, ересек адамдардың бақылауынсыз балкон мен баспалдаққа шығуға тыйым салуға кеңес береміз.
  1. Санаторий аймағында бейнебақылау жүйесі жұмыс істейді. Санаторий жайларында бейнекамераларды қолдану фактін мәліметке алуыңызды өтінеміз.
  1. 30 минутқа дейін мерзімге жүкті тиеу/түсіру үшін жағдайлардан басқа, санаторий аймағында демалушылардың автокөліктерінің жүруі мен болуына тыйым салынады.