Брондау мен орналасу шарттары

Брондау мен орналасу шарттары:

  • Шипажайлық-курорттық емделу күз-қыс мезгілі аралығында 3 тәліктен және одан көп болса, ал жыз мезгілінде 5 тәуліктен көп орналасу болса, рұқсат етіледі.
  • Жолдаманы есептеу кезінде, тамақтану немесе емдеу құны алынбайды. «Жартылай люкс» нөмірлерінде қосымша тұратын тұлғалардан емделу алынуы мүмкін.
  • Орналасу кезінде шипажайлы-курорттық карта немесе дәрігердің келесі қорытындысы міндетті: өкпе флюорографиясы, гинекологтың қарауы, ішастар қуысының УДЗ, ЭКГ. Осы қорытындылар болмаған кезде, клиент емдеуші дәрігерде ақылы қараудан өтеді.
  • Қолма қол ақшаға сатып алған клиеттің бастамасы бойынша шипажайдан уақыттан ерте шығып кеткен кезде – қалған бағаның қайтарылуы 20%  алынып жүргізіледі.

Келесі категориялы нөмірлерде қосымша орналасу:

  • Коттедж
  • Люкс
  • Жартылай люкс
  • Жақсартылған стандарт 3-орынды

7000 теңге тәулігіне 1 адам (орналасу, тамақтану, емдік процедуралар),

5000 теңге тәулігіне 1 адам (орналасу, тамақтану).

3 жас пен 12-қа дейінгі балаларға 25% жеңілдік.

 

Келесі категориялы нөмірлерде:

  • Жақсартылған стандарт 2- орынды
  • Стандарт 2-орынды
  • Стандарт 3-орынды

Қосымша орналасу 5 жасқа дейінгі балаларға беріледі, тек жатын орынсыз.

3750 теңге тәулігіне 1 адамға (тамақтану, емдік процедуралар).

2250 теңге тәулігіне 1 адамға (тамақтану).

Шипажайға қабылдау мен орналастыру кезінде қолайсыздықты болдырмау үшін, шипажайға келу үшін қажетті құжаттардың тізімімен танысуға ұсынамыз:

Ересе адамдар үшін:

  1. Жеке куәлік немесе төлқұжат
  2. Шипажайлы –курорттық карта (көнелігі 2 айдан көп емес)

Балалар үшін:

  1. Туу туралы куәлік
  2. эпидемиологиялық қоршау туралы анықтама
  3. Шипажайлы –курорттық карта (көнелігі 2 айдан көп емес)

Жазғы уақытта брондау

Жолдаманы жеке тұлғалар жазғы уақытқа брондау кезінде (маусым, шілде, тамыз), жолдаманың жалпы бағасынан 20% мөлшерінде алдын ала төлем бекітілген. Негіздеме: «Сосновый бор» санаторийі» ЖШС бас директорының 20.04.2015 жылғы №11-о/д бұйрығы.

Әртүрлі себептермен брондаудан бас тартқан кезінде алдын ала төлем сомасынан келесі мөлшерінде қайтару пайызы бекітілген:

  • Келу күніне дейін 15 күнтізбелік күн бұрын алдын ала төлем сомасынан толық қайтарылады;
  • Келу күніне дейін 10 күннен бастап 15 күнтізбелік күнге дейін алдын ала төлем сомасынан 20%  алынып қайтарылады;
  • Келу күніне дейін 5 күннен бастап 10 күнтізбелік күнге дейін алдын ала төлем сомасынан 50%  алынып қайтарылады;
  • Келу күніне дейін 1 күннен бастап 5 күнтізбелік күнге дейін алдын ала төлем сомасы қайтарылмайды;

Әлеуетті клиентпен келісім бойынша келу күні ағымдағы жылдың соңына дейін бос орындар бар болған жағдайда басқа мерзімге көшірілуі мүмкін.

Жас бойынша шектеулер:

Шипажай өз бетінше жүре алатын және өз-өзіне қызмет ете алатын 80 жасқа дейінгі демалушыларды қабылдайды.

80 жастан асқан демалушылардың қозғалу қабілеттері шектеулі болса, қасында еріп жүретін адаммен қабылданады.