Шипажай-курорттық процедуралар келесі күндері көрсетіледі:
SPA – адамның физикалық пен рухани жағдайын жақсартуға, ағзаның сауықтыру мен босаңсуға бағытталған процедуралық кешен.
SPA– тері мен тері астыға ғана емес, сонымен қатар тұтас барлық ағзаға пайдалы әсер етеді – өмір тонусы мен жұмысқа қабілеттілік артады, сыртқы түрі мен көңіл-күй жақсарады, жүріс жеңіл болады.
SPA– процедуралар жүрек-тамыр мен жүйке жүйсіне ынталандырушы әрекет етеді, қанның микроайналымын жақсартады, алмасу үдерістерін жылдамдатады.
SPA-терапия бұлшықеттер мен буындарға пайдалы әсер етеді, ағзадан шлактарды шығарады, метаболизм үдерісін ынталандырады. Одан басқа, ұйқысыздықтан көмектеседі, тері ауруларын тиімді емдейді. Және, әрине, осы процедуралардың әрқайсысы сізге жаңару рақатын сыйлайды.
Інжу ваннасы – тұщы су компрессор арқылы атмосфералық ауамен жасанды байытылатын гидротерапевтикалық процедура. Бөлінетін ауа көпіршіктері адам терісінің рецепторларын тітіркендіріп, бірқилы тактикалық микромассаж жасайды. Інжу ванналары жүйке жүйенің әртүрлі бөлімдерінің қозымдылығын нормаландырады, бұлшықеттердің тоникалық белсендігін қалпына келтіреді, тері қылтамырларының рефлекторлық кеңеюін болдырады.
Інжу ванналары жүйке жүйенің функционалды бұзылуы, қимыл-тірек аппаратының аурулары бар, зат алмасу бұзылған адамдарға арналған. Сонымен қатар жүріс-тұрысы аз өмір жүргізетін, стресс жағдайларын басынан өткізген немесе өткізіп жатқан адамдарға інжу ванналары тиімді болады. Осымен бірге су процедурасын тұрақты қолдануы қан қысымын нормаландырады, қан айналымын ынталандырады, тіндердің созылғыштығы мен буындардың қозғалғыштығын арттырады, бұлшықет кернеуін болдырмауға мүмкіндік береді, арқа ауруымен күресуге, ұйқысыздықтан емделіп, стресс жағдайларын жоюға көмектеседі.
Құрғақ көмірқышқыл ванналар «Реабокс» — пациенттің тіндерінде оттегі алмасуын жақсартатын және қанында көмірқышқыл газдың құрамын арттыратын, ерекше емдеу үдерісі бар көпфункционалды автоматтандырылған емдеу құрылғысы.
Құрғақ көмірқышқыл ванна ағзаға терісі арқылы кіріп, тері тамырларының айтарлықтай кеңеюін қамтамасыз етеді, бұл дененің бұлшықеттері мен барлық органдары, бездер мен мидың оттегі мен басқа да өмірлік маңызды элементтермен байытылған қанмен қамтуына әкеледі. Денеден улы зарды тиімді жою үшін жауапты лимфа жүйесі бесендіріледі, тамырлардың варикоз кеңеюі және қол мен аяққа қан жеткіліксіз түсу аурулармен ауыратын науқастардың жағдайы жақсарады.
Құрғақ көмірқышқыл ванналар целлюлит, семіру, импотенция, тері ауруларымен күресуге өте тиімді көмекші. Сонымен қатар бұл процедура психикалық бұзылу кезінде пайдалы, «созылмалы шаршау», стресс пен ұйқысыздықтан зарда шегетін адамдарға. Құрғақ көмірқышқыл ванналар қазіргі таңда кардиологиялық науқастар мен қант диабеті науқастары үшін санаторлық емдеудің ең тиімді әдістерінің бірі ретінде танылады. Көмірқышқыл ванналарды қабылдаудың елеулі нәтижесі терінің жасаруы, салмақтың тұрақты төмендеуі, көңіл-күйдің жақсаруы, жұмысқа қабілеттіліктің артуы, қартаю процесінің баяулауы болып табылады.
Шоколад пен балмен оралуы, бәлкім, ең танымал шаралар деп табылады. Дене майын жарып, азаюіна ықпал ету, зат алмасуды жақсарту, теріні терең тазалауына байланысты болғандықтан, олар артық салмақпен күресу бойынша бағдарламаға кіреді, сондай-ақ лифтинг-эффекті бар.
Пантолық ванналар: ақыл-ой мен физикалық жұмысқа қабілеттілікті арттырады, ерлер мен әйелдерде жыныстық белсенділік деңгейі мен өмірлік тонусты көтереді, тұмау ауруларына тұрақтылықты арттырады, бұлшықет, сүйек пен буындардың (артроздар, остеохондроздар, радикулиттер) жас өзгеруімен байланысты науқастардың жағдайы жақсарады, қандағы холестерин азаяды, қан қысымы ретке келеді, ағзаның жасаруы орын алады.
Йодбромдық ванналардың қабынуға қарсы әсері бар, гемодинамикаға пайдалаы әсер етеді, әртүрлі иммундық бұзылымдарды азайтады және эндокриндық бездердің жұмысын түзетеді.
Селен ванналардың иммунотүрленіс әсері бар, психикалық пен физикалық кернеуді жояды, жалпы босаңсу мен қатты ұйқыға, ағзаның стресске деген төзімділікке, тері, буындар мен буындар сыртындағы тіндердегі алмасу процесстеріне, бұлшықет, буындар мен омыртқада ауруды азайтуға, ағзадан ауыр мен радиобелсенді металлдарды шығаруға ықпал етеді.
Криокосметология регенерациялық үдерістерді қоздырып, жасару мен қалпына келтіру әсер көрсетіп, табиғи мен кәдімгі тәсілмен бет пен дене терісіне ықпал етуге мүмкіндік береді. Азот-ауа ағысының ықпалы бет түсін жақсартады, бет пен декольте терісін жасартып, көтереді, безеулікті емдейді, целлюлитті жояды.
Инфрақызыл процедураларды қолдану нәтижесінде қандағы холестерин азаяды, бұл жүрек-тамыр аурулары тәуекелін азайтуға және қан қысымын тұрақтандыруға мүмкіндік береді. Тамырлар қабырғалары нығайтылып, икемді болады. Иммун жүйесінің жұмысы жақсарады, ағзаның жалпы қарсылығы артады, бұл өз кезегінде тұмау ауруларына қарсыласуға мүмкіндік береді. Қатты терлеу бүйректің жұмысын жеңілдетеді, тамырлардың кеңеюі қан айналымын ынталандырады. Инфрақызыл сәулелену құлақ, тамақ пен мұрынның созылмалы ауруларын емдеуге көмектеседі, буындар, бұлшықет, арқа сыздауын, менструалдық пен бас ауруларын жояды, жаралар, жарақаттарды, сынықтардың жазылуына, гематомалардың сорылуына ықпал етеді. Инфрақызыл сәулеленудің жайлы жылуы жүйке жүйесіне ұйқысыздық, стресс, қызбалықты жойып, тыныштандырады.