Біздің санаторий Қостанай қ. облыс орталығынан 45 км қашықтықта, Қостанай облысы Аманқарағай орманшылықтың аймағында орналасқан. Орманшылықтың аймағы аралас ормандармен, әсіресе қарағай орманымен ұсынылған. Санаторлық кешені минералды суы бар көлдің жағында қарағай орманында орналасқан.
Санаторий тарихы 1969 жылы «Сосновый бор» типтік демалыс үйінің құрылысынан басталады.
1971 жылдың сәуірінде Қазақ КСР Қазақ Ғылым Академиясының Өлкелік патология институтымен өткізілген табиғи-емдік факторлардың зерттеуінен кейін демалыс үйі бальнеологиялық санаторийге профилін өзгерткен.
Профильдеу туралы шешімнің қабылдануы көлдің жағасында «Сосновый бор» демалыс үйі салынып жатқан көлді қоректендіру үшін бұрғыланған екі скважинаның суы емдік болғанында негізделген.
Курортология мен физиотерапия Орталық ғылыми-зерттеу институтының қорытындысы бойынша (Мәскеу қ.) көрсетілген скважиналардың сулары құрамы бойынша Феодосия, Ессентуки курорттарының суларына ұқсас. Көрсетілген сулар асқазан-ішек жолдары, бауыр, өт жолдарының және метаболизм ауруларын емдеу кезінде қолданылады, сондай-ақ Қостанай облысында тірек-қимыл жүйесі және перифериялық жүйке жүйесінің ауруларын емдеу үшін сәтті пайдаланылуы мүмкін шипалы балшықтың үлкен қоры бар балшық көлдері анықталды.
Қазіргі таңда санаторий халықтың көпшілігін сауықтыруға арналған. Емдеу үшін ғана емес, сонымен бірге денсаулықты жақсарту үшін, сондай-ақ демалыс үшін жағдайлар жасалған.
Санаторий жыл бойы жұмыс істейді. Демалушылар тұру үшін 5 корпус және коттедж қалашығы бар.
Санаторийге келген сәттен бастап сіз жылу мен жайлылық атмосферасына кіресіз. Санаторийдің медициналық және қызмет көрсететін персоналы сіздің демалысыңыз ыңғайлы және жағымды болуына мүмкіндік береді.
Күн сәулесінің молшылығы, таза ем ауасы емдеу-диагностикалық базасымен, шипажайдың бюветінде шипалы минерал суымен, тамаша тамақтануымен қоса сізге тиімді курсын өтуге ғана емес, сонымен қатар жақсы демалуға мүмкіндік береді
Санаторийде демалыстың мәлімділігі толық негізділген, өйткені көп адам үшін бұл шынында да пайдалы және қолайлы вариант, Қазақстанда тұрғындарына ғана емес, сонымен қатар жақын шетелдің тұрғындары үшін де.
Ешқандай, тіпті шетелдегі ең фешенебельді демалыс қарағай орманның таза ауасы, емдік минерал сулар мен шипалы балшық беретін емдік әсерімен теңделмейді. Жаман экология мен инфекциондық аурулар тіпті ең сау адамның денсаулығын соншалықты әлсіретеді, сондықтан сапалы емдеусіз құр ғана демалыс бір жылда жұмсалған күшті қалпына келтірмейді. Осы сабаптен «Сосновый бор» санаторийінде демалыс түгел барлығына қажетті.
Санаторийде өз психологиялық тепе-теңдігін қалпына келтіруге ғана емес, сонымен қатар сауығуға да болады. Қылқан жапырақты ағаштардың эфир майлары мен оттегімен қаныққан «Сосновый бордың» ем ауасы тыныс жолдардың өткір мен созылмалы аурулары бар адамдарға өте пайдалы. Қарағайдың күшті иісі біздің жақтың әр қонағын табиғаттың өзімен гармонияда демалуға бағыштайды.
Адамдар Сосновый борға демалып, қимыл-тірек аппараты, жүрек-тамыр жүйесі, гинекологиялық, урологиялық ауруларынан, тері, ішек-қарын жолы, бауыр мен өт жолдарының ауруларынан арылуға, заттектер алмасуы проблемаларын шешуге барады. Сонымен қатар Сосновый бор өз минералды суымен де белгілі, содан соң ол Қазақстанның ең үздік және ең келімді бальнеологиялық санаторийі деп есептеледі.
Санаторий жеке демалыс үшін ғана емес, сонымен қатар отбасылық демалыс үшін де қолайлы. Біз балалардың денсалығын туғаннан бастап ойлауды қаншалықты маңызды екенін түсінеміз, сондықтан балалардың жасына қарамастан қабылдаймыз. Ал медициналық қызметтердің кең тізімі мен білікті персонал «Сосновый бор» санаторийінде неғұрлым үлкендердің, соғұрлым балалардың санаторлық емдеуін ең тиімді өткізуге мүмкіндік береді.
Санаторийде емдік шаралардың өткізілуін медициналық қызметкерлердің түгел штаты бақылайды. Мамандардың емдеу курсында ең тиімді болатын шараларды таңдауға мүмкіндіктері бар. Демалушылардың әр қайсысына өз жеке ем бағдарламасы өнделеді.
Біздің мамандар:
[gview file=»http://kz.sosnovyibor.com/wp-content/uploads/2015/07/Litsenziya.pdf» height=»600px» width=»800″ save=»1″]
[gview file=»http://kz.sosnovyibor.com/wp-content/uploads/2015/07/EKO-sertifikat.pdf» height=»600px» width=»800px» save=»1″]
[gview file=»http://kz.sosnovyibor.com/wp-content/uploads/2015/07/SMK.pdf» height=»600px» width=»800px» save=»1″]